Көлік жүргізушілердің назарына: айыппұл – 37 875 теңге

Көлік жүргізушілердің назарына: айыппұл – 37 875 теңге

Көлік жүргізушілердің назарына: айыппұл – 37 875 теңге
ашық дереккөзі
 width= Нұр-сұлтан қаласының Полиция департаменті 3-5 желтоқсан аралығында жарық аспаптарын (фары) пайдалану талаптарын бұзған автокөліктер фактісін болдырмау бойынша рейд жүргізеді. – Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/2011 техникалық регламентіне сәйкес, автокөлікке өндіруші зауыттың қойып берген түпнұсқадағы жарық аспабының санатына сәйкес келмейтін ауыстырмалы жарық көздерін, атап айтқанда, LED және ксенон жарықтарын орнатуға жол берілмейді. Бұдан өзге, автокөліктің үстіне, капотына, яки жүксалғышына жарықтандырудың қосымша құралдарын орнатуға қатаң тыйым салынады", – деп хабарлайды елорда полициясы. Бұл талаптарды бұзған көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5 бөлімі 590 бабы (айыппұл көлемі – 12 625 теңге) және 7 бөлімі 590 бабы (айыппұл көлемі – 37 875 теңге) бойынша жауапқа тартылады. Кеше Нұр-сұлтандағы 62 жүргізуші осы талапты бұзғаны үшін жауап тартылса, жыл басынан бері Кодекстің 590 бабы бойынша 3 мыңнан астам факті тіркелген.