Ержан Максим Оралда қашан концерт береді?

Ержан Максим Оралда қашан концерт береді?

Ержан Максим Оралда қашан концерт береді?
ашық дереккөзі
 width= Туған жеріне оралған дарынды талант Ержан Максим Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесті. Әкім жас әншіні "Евровидении-2019" балалар байқауындағы жүлделі екінші орнымен құттықтады:
"Сен біз үшін жеңімпазсың! Еліміздің мақтанышысың! Байқаудағы өнеріңе күллі әлемді тәнті еттің! Алар асуың әлі алда! Сәттілік жолдасың болсын!".
Қазіргі уақытта Ержан Максим Игорь Крутой академиясындағы оқуын жалғастырып, италян тілін меңгеруді жоспарлап жүргенін айтты.
"Евровидении-2019" байқауында көп халықтың алдында ән шырқау қиын болды, қатты қобалжыдым. Онда негізінен орыс және поляк тілінде тіл табысып жүрдім. Негізінен әртүрлі тілде ән тыңдаймын, қазір италян тілін үйренгім келіп жүр", – дейді жас әнші.
Сондай-ақ, Ержанның анасы Орал қаласында ұлының үлкен концертін беруді жоспарлап отырғанын жеткізді.
"Ержанның бас қалада концерті өтті. Қазіргі уақытта тыңдарман қауым тағы бір кеш беруімізді сұрап жүр, біз оны Оралда қала күні қарсаңында ұйымдастыруды ойластырудамыз", – дейді анасы.