"Астана" халықаралық қаржы орталығында орташа жалақы қанша – Келімбетов жауап берді

"Астана" халықаралық қаржы орталығында орташа жалақы қанша – Келімбетов жауап берді

"Астана" халықаралық қаржы орталығында орташа жалақы қанша –  Келімбетов жауап берді
ашық дереккөзі

"Астана" халықаралық қаржы орталығы қызметкерлерінің жалақысы қанша? Тілшілердің бұл  сауалына  орталық басшысы Қайрат Келімбетов жауап берді. 

Келімбетов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қаржы орталығындағы қызметкерлердің еңбекақы мөлшері "Бәйтерек" холдингінің жұмысшылары алатын жалақымен бірдей екендігін жеткізді. Бұған қоса орталық қызметкерлеріне ешқандай сыйақы төленбейтін атап өтті. "Бәйтеректегі басқару қызметін атқаратындар шамамен 5 мың долларлық жалақы алады деп ойлаймын", - деді Келімбетов. Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Мәжіліс отырысында 2018-2019 жылдар аралығында 2,5 миллиард долларды құрайтын қоржындық инвестициян тартылғанын айтты, оның ішіне 2 миллиард доллардан аса қарыз ақшасы мен 216 миллион долларлық акционерлік қаржы кіреді. Айтуынша,  егер мемлекеттің шығыны мен тартылатын инвестиция көлемі есептелінетін болса, бұл өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығына пайда алып келеді екен.