11 млн қазақстандыққа мемлекет есебінен қаржы төленеді

11 млн қазақстандыққа мемлекет есебінен қаржы төленеді

11 млн қазақстандыққа мемлекет есебінен қаржы төленеді
ашық дереккөзі
   width= 11 миллионға жуық қазақстандық мемлекет есебінен МӘМС шеңберінде медициналық қызмет алатын болады. «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медсақтандыру жүйесіндегі «әлеуметтік» сөзі негізгі мәнге ие екенін айта отырып, бүгінде 15 санаттан тұратын әлеуметтік топтың анықталып, бекітілгенін әрі олардың кепілді медициналық көмекпен қамтылуын мемлекет өз мойнына алатынын айтты. Еліміздің 11 миллионға жуық азаматы осы 15 санатқа тиесілі, олардың басым көпшілігі – зейнеткерлер, студенттер, мүмкіндігі шектеулі жандар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар.