Самара-Шымкент тасжолында 75 адам жол апатына ұшырады

Самара-Шымкент тасжолында 75 адам жол апатына ұшырады

Самара-Шымкент тасжолында 75 адам жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі

Самара-Шымкент тасжолында Neoplan NK281 TC автобусы Daf жүк көлігімен соқтығысты. Бұл туралы «Қазавтожол» баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Қызылорда облысының Арал ауданындағы Шижаға елді мекені тұсында болды. Жол жүру ережесін бұзған автобус жүргізушісі жылдамдықты арттырып, ара қашықтықты сақтамай, жолай кетіп бара жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Жолаушылар автобусы Ақтөбе-Шымкент бағытында жүріп бара жатқан. Апат нәтижесінде екі адам жарақат алып, Арал ауданының орталығындағы ауруханаға жеткізілді. Жолаушылар автобусының басым бөлігі Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Оларға тиісті көмек көрсетілуде. Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман.