Елбасы қоры қазақ тіліндегі үздік сайттарды анықтады

Елбасы қоры қазақ тіліндегі үздік сайттарды анықтады

Елбасы қоры қазақ тіліндегі үздік сайттарды анықтады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Тұңғыш Президент қорының баспасөз қызметі хабарлады.  Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Ең үздік қазақтілді интернет сайт байқауы 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұйымдастырушы – Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Биыл республиканың әр аймағынан 30-ға жуық үміткер үздік сайт атағы үшін бақ сынасты. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды. Марапаттау рәсімінің ашылуында Әлкей Марғұланұлы: «Осы байқауды ұйымдастыра отырып, біз мемлекеттік тілдің дамуын, оның ішінде интернеттегі дамуын қолдаймыз және қазақ тілді сайттардың қызметін ынталандырамыз. Байқауға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқанына қуаныштымын», - деп атап өтті. «Өткір тіл» аталымы бойынша qalamger.kzсайты жеңімпаз атанды. «Рухани азық» аталымындағы ең үздік сайт марапатына madeniportal.kz сайты ие болды. dasturkb.kz сайты «Терең ізденіс» аталымы бойынша үздік деп танылды. Arasha.kz сайты «Шынайы өмір» аталымында үздік деп бағаланды. «Спорт тынысы» аталымы бойынша ең үздік сайт - qsport.kz. «Білім бұлағы» аталымы бойынша жүлде ozattar.kz сайтына берілді. «Жастар әлемі» аталымы бойынша balbal.kz сайты жеңімпаз атанды. «Балаларға базарлық» аталымындағы ең үздік балаларға арналған сайт марапаты imektep.kz порталына берілді. «Ойын-сауық» аталымы бойынша жүлде kinostan.kz сайтына берілді. Байқау жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының дипломымен, 385 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан электронды ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып, аудиторияны қазақ тілінде ақпараттандыратын отандық сайттардың рөлін ерекше атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін өткізілген үш байқаудың қорытындысы бойынша