Тәуелсіздік күніне орай желтоқсаншыларға 150 мың теңге беріледі

Тәуелсіздік күніне орай желтоқсаншыларға 150 мың теңге беріледі

Тәуелсіздік күніне орай желтоқсаншыларға 150 мың теңге беріледі
ашық дереккөзі

Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, оңалтудан өткендерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері ұлғайтылмақ. Қалалық мәслихат депутаттары бұл бастаманы бірауыздан қолдады, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. 

Бұдан былай, «Желтоқсаншылар» Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде көмек алады. Одан бөлек, шенділер арбаға танылған мүгедектер мен зағип жандарға қамқор болатын адамдардың да шығынын төлеп беру мәселесін қарады. «Алматы қаласында 500 адам бар, 1- топтағы мүгедектер. Солардың көмекшілері бар. Өздері жалғыз бара алмайды, солардың тамақ мәселесін, жататын орнын ұйымдастырып, сол жағынан қолдау көрсетулеріңізді сұраймын», - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Роза Бадаева. Одан өзге, мәслихат депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған қала бюджетін қайта қарау мәселесін талқылады. Қайта бөлінген нақтыланған қаражат 601,5 миллиард теңгені құрады. Бұған кембағал жандарға, көпбалалы аналарға және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмсалатын шығын кіреді. Сондай-ақ, жолайрық пен мектеп құрылысына, «Жаңа Алматы» инфрақұрылымын жақсартуға және қалада ұйымдастырылатын іс-шараларға жұмсалмақ.