Жаңа бағдарлама іске қосылмақ

Жаңа бағдарлама іске қосылмақ

Жаңа бағдарлама іске қосылмақ
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында баспана беру мәселесін шешуге бағытталған жаңа тұрғын үй бағдарламасының құрылғанын айтты. – Жаңа тұрғын үй саясаты бойынша баспана халықтың табысына қарай берілетін болады. Отбасының жалпы табысы бір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейімен бірдей (29 мың 700 теңге) азаматтарға, жетім балаларға, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлерге жалдамалы пәтер беріледі. Ал екі күнкөріс деңгейімен тең (59 мың 400 теңге) кезекте тұрған азаматтарға «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспана беріледі. Ал 3,1 күнкөріс минимумына тең (92 мың теңгеге дейін) отбасылардың «5-20-25» бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар. Әкімдіктің несиелік баспанаға үміткер топтарына – әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, құқық қорғау органы қызметкерлерінің бұл бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі зор, – деді Бейбіт Атамқұлов. Жаңа бағдарламаның ипотекалық займы 5 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға беріледі. Ал бастапқы жарна мөлшері баспана бағасының 20 пайызын құрайды. Жаңа «5-20-25» бағдарламасына отбасының әрбір мүшесінің табысы 92 мыңға дейінгі жанұялар қатыса алады.  

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ