21 Қараша, 10:49 369 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Танымал актриса жүргізуші әлімжеттігінен қорғанамын деп көліктен секіріп кетті

Өзбекстанның танымал актрисасы Гаухар Шарипова жүк көлігінен секіріп, қаза тапты. Бұл жөнінде Қашқадария облыстық ішкі істер бөлімшесіне сілтеме жасап, жергілікті БАҚ хабарлады.

Мәлім болғандай, актриса 19 қарашаға қараған түні “Самарқанд-Гузор” жол трассасында 140 шақырым жерде қаза тапқан.

Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі актрисаға әлімжеттік жасаған. Өзін қорғамақ болған Гаухар Шарипова сағатына 140 шақырым қашықтықпен кетіп бара жатқан жүк көлігінен секірген.

"Isuzu көлігінің жүргізушісі 1990 жылы туған Ш.Ф. есімді азамат болған. Ол жолда бір қолымен көлік жүргізіп, екінші қолымен актирасаға тиісе бастаған", - деп атап өткен бірқатар БАҚ.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ұсталған. Егер ол айыпты деп танылса, жеті жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар