19 Қараша, 21:32 347 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

1 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматы атануға ниетті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді. Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар