Түркістан облысынан мұнай табылды

Түркістан облысынан мұнай табылды

Түркістан облысынан мұнай табылды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Оңтүстігінен мұнай табылды.  Түркістан облысы Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген. Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылғаны белгілі болды. Ведомство дерегінше, бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылыпты. Бұдан тыс, бұрғылау кезінде табиғи байлықтың қабыршақтары бөлініп шыққан. Түркістан облысындағы «қара алтын» белгілері еліміздің тауларынан табылған алғашқы мұнай болып табылады. Бұл Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай және газды іздеу үшін аса маңызды қадам болды.