Шымбұлақта шаңғы маусымы ашылды

Шымбұлақта шаңғы маусымы ашылды

Шымбұлақта шаңғы маусымы ашылды
ашық дереккөзі
Шымбұлақта барлық жабдықтар жаңартылып, тау-шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды. «Шымбұлақта шаңғы маусымын аштық. Биыл мұндағы жалға берілетін аймақ екі есеге артты. Барлық жабдықтар жаңартылып, тау-шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейтілді. Күрделілігі түрлі деңгейде болатын 25 шақырым трасса дайындалды. Өткен жылы мұнда шамамен 682 мың адам болды. Оның 220 мыңы шаңғышылар. Келушілердің жыл сайын 15 пайызға өсуі туристерге көрсетілетін қызмет деңгейінің көтерілгенін білдіреді. 65 жылдығын атап өткелі отырған тау курорты шетелдік туристер үшін, әсіресе Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне танымал демалыс орнына айналды», - деп жазды қала әкімі.