17 Қараша, 13:12 266 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Рөлде отырып ұйықтап кеткен: Алматыда мас әйел жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы  "Территория происшествий" бағдарламасы хабарлады. 

Жол-көлік оқиғасы MEGA Alma-Ata СОО-ға қарама-қарсы жолда болған.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Көлік тізгінінде 1992 жылғы әйел отырған.

Болжам бойынша, ол ұйықтап қалып, көлік жол жиегіне шығып кетіп, сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіре берісте жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан жүргізуші жеңіл жарақат алды, ал жаяу жүргінші оқиға болған жерде көз жұмды.

Медициналық тексерістен кейін әйелдің мас болғаны анықталды.

Қайтыс болған ер адамның өзімен құжаттары болмаған, сондықтан оның кім екені әлі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар