Дональд Трамп сайлау алдында денсаулығын тексертіп жатыр

Дональд Трамп сайлау алдында денсаулығын тексертіп жатыр

Дональд Трамп сайлау алдында денсаулығын тексертіп жатыр
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп медициналық тексеруден өтіп жатыр. Өйткені 2020 жылы сайлау өтетіндіктен оған уақыт жоғалтқысы келмейді. Бұл туралы журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады, деп жазады 24.kz. «2020 жылы болатын тығыз жұмыс кестесін алдын ала ескерген президент Вашингтондағы бос демалыс уақытын пайдаланып, Уолтер Рид атындағы госпитальде жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуді бастады», деді ол. Оның алдында дәрігерлер АҚШ президентін осы жылдың ақпан айында қарап, оның жағдайының жақсы екендігін айтқан болатын.