Құтқарушылар көпқабатты үйдегі өрттен 5 адамды аман алып қалды

Құтқарушылар көпқабатты үйдегі өрттен 5 адамды аман алып қалды

Құтқарушылар көпқабатты үйдегі өрттен 5 адамды аман алып қалды
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді. Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қараша күндізгі сағат 13:48-де құтқару қызметіне Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. «Өрт сөндірушілер келіп жеткенде екінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық техника мен үй заттары жанып жатқан болатын. Құтқарушылар бірінші кезекте төртінші қабаттан баспалдақтың көмегімен 5 адамды құтқарды. Оның ішінде екеуі – бала. Нәтижесінде өрт 14:03-те ауыздықталып, 14:05-те сөндірілді. Қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған» делінген хабарламада. Өрт кезінде 1938 жылы туған кейуана ащы газ иісінен уланып, ауруханаға түсті. Тілсіз жаумен арпалысуға жеке құрамнан 17 адам және 5 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды.