Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы полиция мобильді пункттерінің жұмысын тексерді

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы полиция мобильді пункттерінің жұмысын тексерді

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы полиция мобильді пункттерінің жұмысын тексерді
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаяу жүргіншілер жолында орналасқан мобильді пункт инспекторларының кезекшілігін тексерді. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.  «Саяхат», Көк базар, Ганди саябағы, «Атакент», Панфиловтегі жаяу жүргіншілер жолында орналасқан мобильді пункт инспекторларының кешкі уақыттағы кезекшілігін тексердім. Қала тұрғындарының пікірінше, көңіл жай тапты, әсіресе қазіргідей қараңғы ерте түскен шақта мұның маңызы зор. Мобильді пункттерді орналастыру қандай да бір аймақтың криминогендік жағдайына талдау жасау арқылы жүзеге аспақ. Адамдар көп жиналатын жерге полицияның мобильді пункттерін орналастыру — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тағы бір пәрменді шарасы. Әзірге мұндай 22 бекет қойылса, жыл соңына дейін тағы 10 бекет салынады. Қала тұрғындары учаскелік инспекторлардың жұмысына қолайлы жағдайдың жасалғанын байқап үлгерді. Таза әрі ашық қып жасалған пунктер жылу және санитарлық жүйемен қамтамасыз етілген. Қауіпсіз қала — менің жеке бақылауыма алынған басты басымдықтардың бірі. Қала тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі керек», - деп жазды қала әкімі.