40 жастағы әлем чемпионын үйінің алдында өлтіріп кетті

40 жастағы әлем чемпионын үйінің алдында өлтіріп кетті

40 жастағы әлем чемпионын үйінің алдында өлтіріп кетті
ашық дереккөзі
Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті. Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", - деп хабарлайды Sputnik. Mash телеграм-каналы Ашот Болянды басынан көздеп атқанын жазды. Киллер спортшыны бірнеше сағат бойы үйінің алдында күткен. Криминалистер чемпионға бірнеше рет оқ тигенін анықтады. Адвокат Карен Нерсисян чемпионның тапсырыспен өлтірілгенін айтып отыр. "Ол өз ортасына сыйлы, спортшы болғанын білемін. Қылмыс әлеміне қатысы жоқ еді. Сол себепті мүлде түсініксіз болып отыр. Мұның тапсырыс екені даусыз", - деді заңгер "Звезда" порталына берген сұқбатында. Нерсисян Болянды "жөні түзу, патриот адам" деп атады. Сондай-ақ, чемпионның кәсіпкерлікпен айналыспағанын мәлімдеді.