Дубай – Ақтау бағытында әуе қатынасы ашылады

Дубай – Ақтау бағытында әуе қатынасы ашылады

Дубай – Ақтау бағытында әуе қатынасы ашылады
ашық дереккөзі
13-14 қарашада Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «Emirates Airlines» әуе компаниясы 2021 жылдан соң жаңа А330 және А350 әуе кемелерін алғаннан кейін екі ел арасында тікелей тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Дубай – Ақтау бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын ашу жоспарда бар. Келіссөздерге «Fly Dubai», «Emirates Airlines», «Etihad Airways», «Air Astana», «SCAT» әуе компанияларының, сондай-ақ Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларының өкілдері қатысты. Нәтижесінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына Қазақстанда енгізілген 5-ші «әуе еркіндігін» ұсынатын «ашық аспан» тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, БАӘ-нің тағайындалған тасымалдаушылары Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларынан 5-ші «әуе еркіндігін» ұсынатын «ашық аспан» тәртібі аясында тұрақты әуе тасымалдарын орындауға құқылы. Айта кету керек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында рейстер санына шектеулерді алып тастауды және  шетелдік әуе компанияларына 5-ші әуе еркіндігін ұсынуды көздейтін «ашық аспан» режимі енгізіледі. «Ашық аспан» режимі одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 3 жыл мерзімге жарамды.