Қасым-Жомарт Тоқаев: Көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателіктерін ескеріп, тиімді әрекет ету керегін ескертті.  «Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясы, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны толыққанды жүзеге асыру екенін еске салды.«Тек сонда ғана тегеуріндер мен қиындықтарды еңсере аламыз», - деді ол.