Ұлттық  спорт ұлықталды

Ұлттық  спорт ұлықталды

Ұлттық  спорт ұлықталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ALTYN KÚZ – 2019 облыстық спорттық сайысы өтті. Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында ең­бек етіп жүрген 400-ге жуық мем­лекеттік қызметкер қатысты. Облыстың, аудан мен қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті. Тартысты додада волейболдан І орынды – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды – Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орын – Арыс қаласы, ІІ орын – Созақ ауданы, ІІІ орын­­ды – Мақтаарал ауданы жеңіп алды. Ал кіші футболдан І орынға – Жетісай ауданы, ІІ орын­ға – облыстық ветеринариялық зертханасы, ІІІ орынға Сайрам ауданы ие болды. Жеңімпаз және жүлдегер ко­мандалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының дипломдарымен жә­не кубоктармен марапатталды.