Түркістан тұрғындары сапалы медицинамен қамтылмақ

Түркістан тұрғындары сапалы медицинамен қамтылмақ

Түркістан тұрғындары сапалы медицинамен қамтылмақ
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Ол өз сөзінде «медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен  қолжетімділігін қамтамасыз ету керек» деп атап көрсетті. Бұл жерде біз халқы көп және ты­ғыз қоныстанған оңтүстік өңір, Түр­кістан облысы туралы айт­пақ­пыз. Ал халқы көп шоғырланған оң­түстік аймақта қазіргі таңда ме­дицина саласында оңды істер же­терлік. Әрине, мұның барлығы да ең алдымен денсаулық сақтау са­ласына басты көңіл бөлінуден бол­са, екіншіден, аталған салаға қо­мақты қаржы аударылып келеді. Түр­кістан облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы  Мұ­қан Егізбаев тәжірибелі маман еке­нін екінің бірі біледі. Іскер басшы аймақтағы денсаулық сақтау са­ласының қызметкерлеріне бар­лық жағдайды жасап келеді. Сон­дық­­тан да болар аймақта бұрын­ғы­ға қа­ра­ғанда, халықтың денсау­лы­ғы жақ­сарды. Халық салауатты өмір сал­тын қалыптастыруға дағ­ды­ла­нып келеді. Айтар болсақ, қа­зір оң­түстік өңірде мақтаулы ау­рухалар мен емханалар жетерлік. Со­лар­дың бірі  – Түркістан об­лыстық кли­никалық ауруханасы. Ал оның бас дәрігері – Марат Пашимов. Кейін­гі жылдары атал­ған ауру­ха­на­ға офтальмо­ло­гия­лық бөлімше, эн­докринологиялық диспансер және онкологиялық ор­талық қо­сыл­ды. Халықты кешенді емдеуді жал­ғастырып келе жатқан бұл ме­кемеге қазір халық ағылуда. Өйт­кені мұнда қызмет сапасы жо­ғары. – Кең салалы клиника бүгінде ха­лықтың құрметіне бөленуде. Мұ­ның себебі де жоқ емес.  Өйт­кені біздің қызметкерлер халыққа сапа­лы қызмет көрсетеді. Жаны ауы­рып келген жанға ең алдымен жы­лы қабақ пен мейірім көр­сете­міз. Біз негізінен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аймақ тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр­мыз. Ең алдымен келген пациентке жағдай жасау басты мақ­сатымыз болғандықтан, бізге ри­зашылықпен келетіндердің қа­тары артты. Қаланың әр жеріне бар­­ғаннан гөрі бізде кешенді ем алған артық. Өйткені біздің аурухана кең салалы екендігін айта кеткім келеді, – дейді Марат Орын­басарұлы. Қазіргі уақытта офта­ль­мо­ло­гиялық орталық толық сапалы жөндеуден өтті. Байқағанымыз, жал­пы клиникалық ауруханада  қызмет ету сапасы өте жоғары. Барлығы да цифрланған, электронды қызмет арқылы жұмыс жүргізіледі. Бұрынғыдай ұзын сонар кезекке тұрып, айқай-шу бо­латын оқиға  жоқ. Жұмыс жүйе­лі түрде жолға қойылған. Меди­ци­на­лық құрылғылар мен жабдықтар да жаңартылған. Қазіргідей инновациялық жаңа­лықтардың өрістеп бара жат­қан уақытында ақ халатты абзал жандардың біліктілігін арттырып отыру да маңызды. Бұл орайда, бас дәрігер, іскер басшы Марат Орын­ба­сарұлы үнемі өз қызметкерлері­нің білімін арттырып отырады. Атап өтер болсақ, Ресейден келіп, мық­ты тәжірибелі дәрігерлер ше­бер­лік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар клиниканың мамандары Мәскеуге барып, біліктілігін арт­тырып қайтады. Мұндай алыс-бе­ріс пен қарым-қатынастың кө­ме­гі үлкен. Бас дәрігер сөз кезегінде эндок­ри­нология бөлімшесі дамытылып жатқанын айтты. Осы орайда, көр­ші елдердің денсаулық сақтау ме­кемелерімен қарым-қатынас нығайып келеді. Мысалы, Ташкентте орналасқан эндокринология ғылыми-зерттеу институтымен байланыс тұрақты дамыған. Екіжақты байланыс туралы Түр­кістан облыстық денсаулық сақ­тау саласының басшысы Мұқан Егізбаев пен Ташкент ғылыми-зерттеу институты арасында меморандум­ға қол қойылды. Осыған сәйкес олар Түркістанға, ал облыстық кли­­­ни­каның мамандары Ташкентке ба­рып тәжірибе алмасып тұрады. Бас дәрігердің айтуынша, енді Ал­маты немесе Нұр-Сұлтанға барып керегі жоқ. Облыстың клини­кал­ық аурухана мамандары өзде­рін­де науқасқа күрделі операция жа­сай береді. Аурухана дәрігерлері халықаралық стандарт бойынша жұ­мыс істеуге көшкен. Мекемеде әр­түрлі медициналық құрал-жаб­дықтарды меңгерген дәрігерлер жетерлік. Қазіргі кезде медици­на­ның диагностикалық мүмкін­дік­тері артып келеді. Бас дәрігердің де «көштен қалмауымыз керек» деп отыр­ғаны содан. Тәжірибелі басшы Марат Орын­­басарұлы «дәрігерлер меди­ци­­надағы инновациялық жаңа­лық­тардан құр қалмауы керек»  деп санайды. Сондықтан да өткен жылы мекеменің 40-қа жуық маман­дары таяу және алыс шетелдерге барып, тәжірибе жинақтап кел­ді. Медицинадағы жоғары тех­нологиялық құрылғылар арқылы күр­делі операцияларды жасау да қазіргі кезде қиын болмай қалды. Өйткені дәрігердің біліктілігі мен білімі және тәжірибесі жетсе болды. Сондықтан да болар сырқат жан­дардың облыстық клини­ка­лық аурухана мамандарына сенімі арт­қан. Мысалы, бұрын өт жолдарына операция жасалғанда, сыр­қат­тардың  30-40 күн сарылып жа­туға тура келетін. Ал қазіргі уа­қытта бір аптаның ішінде пациент үйіне қайтады. Бас дәрігер мұның барлығы да заманауи құрыл­ғыларды жетік меңгерген дәрігер­лердің арқасында жүзеге асып жат­қанын айтады.  

Мира Мырзағалиқызы,

Түркістан облысы