Алматы: 14 қарашада Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Алматы: 14 қарашада Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Алматы: 14 қарашада Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі
ашық дереккөзі
Алматыда Абай даңғылы уақытша жабылады, деп хабарлайды «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі.  Хабарламаға сүйенсек,  14 қараша күні сағат 23:00 - 06:00 аралығында Абай даңғылының шығысқа қарай №6 ықшамаудандағы №3 үйдің маңындағы жаяу жүргіншілер жолағынан бастап көлік бұрылысына дейінгі аумағы жабылып, көлік қозғалысы шектеледі. «Мәскеу - Сарыарқа стансасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында жол жабылады. Су желілері жол астынан жүргізіледі. «Сумен жабдықтау және кәріз желілерін сыртқы қалалық желілерге қосу» жобасын іске асыру үшін Абай даңғылының бойында жер асты кәрізін төсеу жұмыстары жүргізіледі», - делінген «Метрополитен» КМК хабарламасында.