12 Қараша, 11:01 293 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Бірлік бар жерде тірлік бар

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ бірлесіп, ұйымдастырған «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Іс-шара аясында «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының ортақ тарихи және мәдени мұрасына қосқан үлесін зерттеу» зерттеу жұмысының нәтижелері ел дамуына елеулі үлес қосқан 538 зиялыдан іріктелген 50 көрнекті тұлғадан тұратын бірегей мәліметтер базасы түрінде ұсынылады. Олардың арасында композитор, қазақ музыкалық өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР халық әртісі, профессор, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Брусиловский Евгений Григорьевич, аңызға айналған фольклорист, этнограф, композитор және Қазақ КСР халық әртісі Затаевич Александр Викторович секілді белгілі тұлғалар да бар.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын кеңінен насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру арқылы ұлттық кодты сақтау, «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» қағидаты бойынша біріктіруші факторларды іздеу.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев, тарих ғылымы және этнология, этносаралық қатынастар, саяси зерттеулер, мұрағаттау салаларындағы жетекші мамандар қатысып отыр. Сондай-ақ ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» ҚМУ, этномәдени бірлестіктердің және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері де аталмыш іс-шарадан қалыс қалмады.

Соңғы жаңалықтар