"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Люксембургте көрсетіледі

"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Люксембургте көрсетіледі

"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Люксембургте көрсетіледі
ашық дереккөзі

16 қарашада Люксембург қаласында ҚР мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" тарихи фильмі көрсетіледі деп хабарлады "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі. 

Тарихи кинотуындының режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов. Ол "Құрақ көрпе", "Қаладан келген қыз", "Сталинге сыйлық", Елбасы жолы киноэпопеясының: "Балалық шағымның аспаны", "От-өзен", "Теміртау", "Тығырықтан жол тапқан" кинотуындыларының және "Қазақ хандығы"  сериалының авторы. "Қазақ хандығы. Алмас қылыш"  фильмі тарихи "Қазақ хандығы" кинодиологиясының бірінші бөлімі. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының желісі бойынша жазылған. Бұл фильм Керей мен Жәнібек хандардың хандық құрып, ірге кеңейту, мемлекеттің босағасын бекемдеу барысын суреттейді. Люксембург қаласында өтетін фильмнің көрсетілімін Орталық Азия мен Еуропа арасында мәдени көпір орналастыруға бағытталған коммерциялық емес Kazakhstan-Luxembourg Cooperation атты ұйым ұйымдастырып отыр.