10 Қараша, 16:57 367 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақ боксшысы аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Қос боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында 10 қарашада таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласты. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, сосын алтыншы раундта аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

Әшкеев үшін бұл 14-ші кездесудегі 14-ші жеңіс. Мартинес болса спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңіліс тапты, ол осыған дейін 43 кездесу өткізген.

Соңғы жаңалықтар