9 Қараша, 18:24 285 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Нысана көздеу: Никита Чирюкин екі дүркін Азия чемпионы атанды

Катар астанасы Дохада нысана көздеуден лицензиялық Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бүгін сынға түскен Никита Чирюкин жасөспірімдер арасындағы екінші алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық жас спортшы 25 метрге тапанша көздеуден МП-5 жаттығуы бойынша Азия чемпионы атанды. Ол жалпы есепте 587 ұпай жинаған. Күміс және қола медальді тиісінше Қытай және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. Никита Чирюкин кешегі жарыс күнінде МП-10 жаттығуы бойынша құрлық үздігі атанған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар