8 Қараша, 15:56 308 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Путин Тоқаевқа ерекше тарту жасады

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше тарту жасады, Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те жазды.

«Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады», – делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар