"Еңбек" бағдарламасы: Кәсібін ашқысы келетін алматылықтарға грант беріледі

"Еңбек" бағдарламасы: Кәсібін ашқысы келетін алматылықтарға грант беріледі

"Еңбек" бағдарламасы: Кәсібін ашқысы келетін алматылықтарға грант беріледі
ашық дереккөзі
Алматы қаласының жұмыссыз азаматтарына грант тағайындалмақ. Мемлекеттік грантты иеленуге «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді курстарды тәмамдағандар мен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығандар үміткер бола алады. Грант көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейін барады, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Ал аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, еңбекке жарамды мүгедектер мен 29 жасқа дейінгі жастарға бұл көрсеткіш 200 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылуы мүмкін. «Бұл гранттар «Еңбек» бағдарламасы арқылы қысқа мерзімді курстан өткендерге тағайындалады. 1 ай және 3 ай көлемінде оқудан өткендер кәсіби мамандық алып шығады. Жалпы бұл қолдау оларға өз бизнесін дөңгелету үшін қарастырылған. Оған болашақ кәсіпкерлер қажет жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып ала алады», - деді Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Қарлығаш АТАЙБЕКОВА Қалдыгүл есімді көпбалалы ана шаштараз мамандығын меңгеру үстінде. Оқуды аяқтаған соң, грантқа қол жеткізсем деп армандайды. «Мен көпбалалы анамын. Жұмыспен жүргенмін. Сонымен жұмыспен қамту орталығына барып, осы жерге келдім. Өзімнің негізгі мамандығым шаштараз еді. Ары өқарай дамытқым келді. Оқып жатырмыз 2 ай болды. Алда тестіміз бар, экзаменіміз бар. Содан аман-есен өтіп, алға қойған мақсаттарымызды, болашағамызды өткізіп алсақ деп», - деді Қалдыгүл БАЗАРГЕЛДИЕВА. Қысқа мерзімді курстардан өткен соң, барлық қатысушыларға жұмысқа орналасуға не болмаса өз ісін ашуға көмек көрсетіледі. Оразгүл Тынымбаева қазір іскер әйел. Жұмыспен қамту орталығына барып, «шаштараз» мамандығын оқып шыққаннан кейін, 100 айлық есептік көрсеткішінде грант жеңіп алған. Сол қаражатқа өзінің жеке сұлулық салонын ашып, қазір сән шеберлерін дайындайтын  оқу орталығын дамыту үстінде. «Грантты алдым. Алғаннан кейін салон аштым. Салонды ашқаннан кейін алдыма мақсат қойдым. Мен бір салонмен шектеліп қалмайын деп. Үкімет көмек беріп жатыр. Атамекенде консультация тегін, көп жағдай жасалған. Тағы да гранттар беріліп жатыр, соларды біліп отырып, өзіме тағы бір оқу орталығын ашамын деп мақсат қойдым. Июльден бастап жүгіріп, сентябрден бастап, адам алып, оқытып жатырмын қазір», - деді Оразгүл ТЫНЫМБАЕВА. Жаңа мамандық иесі атанып, өз бизнес-идесяын жүзеге асырғысы келетіндерге Назарбаев даңғылы, 50 мекен-жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталығына бару қажет.