Билл Гейтс әлемдегі ең дәулетті адамдар рейтингіде үшінші орынға түсіп қалды

Билл Гейтс әлемдегі ең дәулетті адамдар рейтингіде үшінші орынға түсіп қалды

Билл Гейтс әлемдегі ең дәулетті адамдар рейтингіде үшінші орынға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі дәулетті адамдар рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды, деп хабарлайды  Forbes.  Forbes рейтингіндегі екінші орын француз бизнесмені, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арноға бұйырды. Оның дәулеті 107 млрд доллар деп бағаланып отыр. Гейтс 106,8 млрд көрсеткішпен үшінші орынды иеленсе, бұл тізімде бұрынғыша Amazo негізін салушы Джефф Безос көш бастап тұр. Оның дәулеті 112,4 миллиард доллар деп бағалануда. Маусымда Арноның әл-ауқаты алғаш рет 100 млрд доллардан асып, рейтингтің алғашқы үштігіне бірінші рет кірген еді.