Атамбаевпен кездесуге барған депутат оның изолятордағы өмірі жайлы айтып берді

Атамбаевпен кездесуге барған депутат оның изолятордағы өмірі жайлы айтып берді

Атамбаевпен кездесуге барған депутат оның изолятордағы өмірі жайлы айтып берді
ашық дереккөзі

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің депутаты Әсел Кодуранова, Ирина Карамушкина және Әлфия Самигуллина мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бұл туралы Ирина Карамушкина өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Депутат әріптес ер азаматтарының Атамбаевпен кездесуге қорыққандықтарынан, тергеу изоляторына тек әйелдер барғанын атап өтті.

Оның айтуынша, экс-президент қазір классикалық қаламгерлерді көп оқиды.

"Ол спортзалға барып жүр. Ер адам 63 жаста да бабында болуы керек екенін ойлай бастады", – дейді депутат.

Ол Атамбаевтың ұсталған азаматтардың барлығы үшін түрмеде отырып шығуға дайын мәлімдеді.

"Нақты өзінің кінәсі дәлелденсе, отырып шығуға дайын, бірақ қалғандарының босатылуын қалайды. Соңында ол Жээнбековтерді кешіруге дайын екенін жеткізді", – дейді Карамушкина.