Жалақысын ала алмаған жамбылдық жұмысшылар мұнарадан секірмек болды

Жалақысын ала алмаған жамбылдық жұмысшылар мұнарадан секірмек болды

Жалақысын ала алмаған жамбылдық жұмысшылар мұнарадан секірмек болды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында еңбекақысын ала алмаған жұмысшылар су мұнарасының ұшар басына шығып алып, бас мердігерден жалақыларын талап еткен. Егер талабы орындалмаған жағдайда биіктен құлайтынын айтқан,  деп хабарлайды КТК арнасы.  Бас-аяғы бес адам 2 млн 180 мыңға тапсырыс алған. Олар тротуар төсеп беруі тиіс болған. Алайда жұмыстың аяқталуына жақын қалғанда бас мердігер жұмысқа көңілі толмайтынын айтып, бәрін бұзғызып, қайта істеуді тапсырыпты. Ашуға булыққан жұмысшылар кәсіпкерден осыған дейін еткен еңбектің ақысын беруді талап етеді. Мердігер оған көнбеген. Амалы таусылаған бес адамның екеуі биік су мұнарасына шығып алғып, талаптары орындалмаса өздерін өлімге қиятынын айтқан. Ал биікке шығып алған екеуді ешкім төмен түсіре алмай әуреге түскен. Арадағы жеті сағаттық келіссөзден кейін бас мердігер маңдай тер ақысының бір бөлігін беруге келіскен. Яғни, сұралған 1 млн 300 мың теңгенің 800 мың теңгесі қолма-қол қайтарылды. Содан кейін шу көтергендер жерге түскен. Бұған қатысты пікір білдірген кәсіпкер жұмысшылардың бұл әрекетін "бопсалау" деп отыр. Оның сөзінше, олар сапасыз құрылыс жүргізген. «Заңсыз алып тұр, бұл бопсалау болып тұр. Бізге әлі акті келген жоқ. Істелген жұмыстарына енді алып келеді. Акті болмағандықтан, біз ақшаны төлей алмаймыз. Бұлардың істеген жұмысы бар, бірақ дұрыс емес. Сондықтан техқадағалау қабылдамай, бұзып тастады», – дейді бас мердігер Жұмағұл Байменов.