5 Қараша, 10:21 452 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Бәсті ұту үшін 40 жұмыртқа жеген ер адам көз жұмды

Үндістанның тұрғыны Субхаш Ядав жұмыртқаның көп мөлшерін жеу салдарынан 42 жасында көз жұмды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

42 жастағы ер адам досымен базарға барған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар дауды бәстесіп шешуге шешім қабылдады. Келісімге сәйкес, 50 ​​жұмыртқаны жеген адамға екі мың рупий беру керек еді.

41-жұмыртқаны жегеннен кейін Ядав есінен танып қалды. Оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды, бірнеше сағаттан кейін ол қайтыс болды. Дәрігерлер өлімнің шамадан тыс тамақтанудан туындаған асқынулардың салдарынан болғанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар