Ирактағы қазақ балалалары елге қашан жеткізіледі?

Ирактағы қазақ балалалары елге қашан жеткізіледі?

Ирактағы қазақ балалалары елге қашан жеткізіледі?
ашық дереккөзі
Ирактағы қазақ балалары осы айдың ішінде Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. «Иракта жүрген кішкентай қазақ балаларын елге алып келеміз. Жақын арада болуы керек. Осы айдың ішінде... Нақты қашан екенін айта алмаймын. Балалардың шешелері сотталып, түрмеде отыр. Сондықтан, балалары жат елде қалмасын деп, осындағы туған-туыстары өтініш білдірді. Сол балаларды алып келеміз. Әрине, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін әуежайдан күтіп алуға шақырамыз», - деді ресми өкіл ведомствода өткен брифинг барысында. Елордада 9 қазанда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиынында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ирактан 14 баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. «Олардың аналары сол жақта өмір бойына бас бостандығынан айырылған», - деген еді министр.