«Самара – Шымкент» тас жолында 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

«Самара – Шымкент» тас жолында 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

«Самара – Шымкент» тас жолында 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында күні-түні қар жауып, көліктер жолда қалып қойды. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 3 қараша күні сағат 18:33-те «Самара – Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымы аралығында көліктердің қар құрсауында қалғаны хабарланды. Ырғыз ауданы Қалыбай ауылы маңында жүк көліктерімен қатар жеңіл көліктер тұрып қалған. «Шамамен 200-ге жуық көлік жолда тоқтап қалған. Оның 70-і - жеңіл көлік болса, біреуі - 15 жолаушысы бар автобус. Барлығы 125 жүк көлігі де бар. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Айта кетейік, жолда қалғандар арасында өзге елдің азаматтары да бар. Құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту орындарына жеткізіліп жатыр. ТЖД әзірге құтқару жұмыстарына қанша адам жұмылдырылғанын айта алмады. Құтқарылғандар арасында балалар да бар.