Даңқты әнші Андреа Бочеллимен ән салған Димаш тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Даңқты әнші Андреа Бочеллимен ән салған Димаш тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Даңқты әнші Андреа Бочеллимен ән салған Димаш тыңдармандарын сүйсінтті (видео)
ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында әлемге әйгілі әнші Андреа Бочеллимен бірге сахна сыртында ән шырқаған видеосын жариялады. 

Тенор дауысты ұлы әнші фортепианода ойнап, Димашты сүйемелдеді. Қос өнер иесі бірігіп Besame mucho әнін шырқады. «Маэстромен көріспегелі көп болды. Грим бөлмесінде ән шырқауды ұйғардық. Саханаға шығатын сәтті күтудеміз. Әлемдегі ең әдемі тенор иесі Андреа Бочеллимен бірге», - деп жазды Димаш. Өз кезегінде Димаштың желідегі оқырмандары қос әншінің әніне тәнті болды. «Туа бітті әншілердің бірге ән шырқағаны қандай керемет! Сондай жеңіл әрі табиғи. Бір отбасыдан шыққандай», «Фантастика дерсің! Браво!», «Ең әдемі тенор және ең ғажайып дауыстың әдемі иесі», «Керемет дуэт! Жарайсыздар!», «Димаш үшін әрі қуанып, әрі мақтанып отырмын», «Құттықтаймын! Қандай тамаша! Бұл кездесу екеуіңіздің бірлескен шығармашылықтарыңыздың басы болсын деп тілеймін!» - деп жазды пікір қалдырушылар.