4 Қараша, 09:42 565 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде жанармай бағасы арзандады

2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда инфляция 3,9% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Агенттік мәліметі бойынша баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он айда (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) – 7,2%, азық-түлік емес тауарларына 3,8% жоғарылады. Ал ақылы қызметтерге 0,1% төмендеді.

Биылғы жылдың басынан (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) баға күрішке – 22,5%, ұнға – 19,9%, мұздатылған балыққа – 16%, қой етіне – 15,6%, жармаларға – 15,4%, картопқа – 15,3%, сиыр етіне – 15%, нанға – 13,4%, жылқы етіне – 12,9%, құс етіне – 11,2%, шошқа етіне – 10,5%, макарон өнімдеріне – 9,9%, кофеге – 9,2%, ет өнімдеріне – 9%, мәйекті ірімшікке – 8,3%, сары майға – 7,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,4%, шайға 6,3% артты. Салқындатылған сусындар – 11,2%, темекі өнімдері – 10,7%, алкогольді ішімдіктер 7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,1%, құмшекерге 14% тіркелді.

Сондай-ақ баға оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,6%, кеңсе таурларына – 6,3%, автомобильдерге – 6,2%, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 5,8%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,9%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 4,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 4,5% өсті. Керісінше, бензин – 4,5%, баллондағы сұйытылған газ – 0,9%, дизель отыны 0,7% арзандаған.

Бұдан бөлек, санаторийлердің қызметтері – 8,1%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтер – 6,3%, денсаулық қызметтері – 5,3%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 5%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 4,9%, қоғамдық тамақтандыру – 4,6%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар 4,3% қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% арзандады.

 

Соңғы жаңалықтар