1 Қараша, 11:50 369 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Әлем чемпионы өз-өзіне қол жұмсады

36 жастағы британиялық дзюдошы, әлем чемпионы Крейг Фэллон өлі күйінде табылды, деп хабарлады Prospоrts.kz сайты.

Mirror порталының мәліметінше, Фэллон Англияның батыс бөлігіндегі Шропшир орманында асылып қалған.

Өлерінің алдында спортшы сүйіктісіне «Бұл - менің таңдауым» деген хабарлама жіберген екен. Айта кетейік, соңғы уақытта Фэллон валлийлік дзюдо ассоциациясында бапкерлік қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар