30 Қазан, 16:10 381 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Шетелдіктерді шекарада тіркеу жұмыстары қолға алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті шетелдіктерді шекарада тіркеу жұмысын қолға алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов Үкіметтің баспасөз орталығында мәлімдеді. 

«Күні кеше Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді мемлекеттік шекарада жүргізу керектігін мәселе етіп көтерген еді. Сонымен бірге, ол Ішкі істер министрлігі бұл мәселемен айналысып жатқанын білдірді. Қазіргі таңда тиісті жұмысты қолға алдық. Десе де, бұл жұмыс Сыртқы істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен қосымша пысықтауды қажет етеді. Ол үшін заңнамалық тұрғыда өзгерістер енгізу қажеттігі бар деген ойдамыз. Осыдан соң белгілі бір шешімнен кейін тиісті мәліметтерді жариялаймыз», - деді комитет төрағасы.

 

 

Соңғы жаңалықтар