25 Қазан, 12:20 212 0 Ішкі саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Үкімет мүшелері "Рухани жаңғыру" бағытындағы жұмыстармен танысты

Кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінен құралған жұмысшы топ Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Топ құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин болды. 

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – ҚР Президентінің Халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру.

Үкімет мүшелері жұмыс сапарын қаладағы №65 мектепке барып, мұғалімдермен кездесуден бастады. Жүздесу барысында ұстаздардың мәртебесі, білім саласының сапасы, материалдық-техникалық базалардың жаңаруы және басқа да өзекті мәселелер жайында сөз қозғалды.

FB_IMG_1571980077032.jpg

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жайын талқылады.

«Алдағы үш жылда қазына қаржысының 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады. Оның ішінде тек атаулы әлеуметтік көмек үшін биыл 250 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Үкімет 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Сондай-ақ, еліміздегі дарынды балаларды оқытуға барынша жағдай жасау үшін «Ел үміті» жобасы іске аспақ. Жоба аясында ауыл-аймақтарда дарынды балаларға арналған оқу орындары салынады», - деді Б. Сапарбаев.

photo-2019-10-26-11-44-54.jpg

Бердібек Мәшбекұлы мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

«Біз білімді ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Елбасымыз және Мемлекет басшысы бұл мәселені ерекше назарда ұстауда. Бүгінде «Мұғалімнің мәртебесі» жөніндегі заң жобасы Парламентте қаралуда. Мұғалімдердің құқықтары қорғалатын болады», - деді вице-премьер.

Б. Сапарбаев, сонымен қатар, өскелең ұрпақтың руханиятына да аса көңіл бөлу қажеттгін айтты. «Жастардың қолы бос болмауы керек. Олар спортпен, өнермен айналысуы тиіс. Өнегелі ұрпақ дегеніміз міне, осы», - деп сөзін қорытындылады.

Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылар ақпараттық технологияда жеткен жетістіктерімен таныстырды. Вице-премьер Шымкент қалалық әкімдігінде әлеуметтік-еңбек саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жиналыс өткізді. Қала тұрғындары Үкімет мүшелеріне өздерін мазалап жүрген сұрақтарды қойды.

Жиын барысында вице-премьер өңірлердегі қоғамдық кеңес жұмысын жандандыруды айтып өтті. Бердібек Мәшбекұлының сөзінше, қоғамдық кеңес мүшелері тиімді жұмыс істесе, елде әлеуметтік сипаттағы мәселелер азаяды.

Ал ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин іс-сапар барысында алдымен ҚМДБ қарасты орталық мешітке ат басын бұрып, қала имамдарының жұмысымен танысты.

«Шымкент қаласында 104 мешіт бар. 68 имамға ресми жалақы тайғайындалған. Орталық мешітімізге 5 мың адам сияды. Мұнда келушілерге толық жағдай жасалған. Коммуналды төлемдер жеке кәсіпкерлердің есебінен төленеді. Ай сайын діни мониторинг жүргізіп отырамыз», - деді ҚМДБ-ның шымкент қаласы бойынша өкіл имамы.

FB_IMG_1571980079881.jpg

Бұдан кейін Данияр Есин бастаған топ Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» кеңсесіне келді. Кеңсенің жетекшісі Зәуре Оралбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

onk-4945.jpg

Соның ішінде Дәстүрді дәріптейтін «Дәстүрім – асыл қазынам», «Ұлттық киімдер» атты қос кітаптың жарық көргені айтылып, өлкетануға, киелі жерлерге байланысты басқа да анықтамалар таныстырылды. «Киелі жерлер географиясы» бейнеролигі көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар