Сәуірден бастап автонесиелер 6 пайызбен берілмек

Сәуірден бастап автонесиелер 6 пайызбен берілмек

Сәуірден бастап автонесиелер 6 пайызбен берілмек
ашық дереккөзі

Биыл сәуірден бастап елімізде автокөлікті несиелеу кемінде 10 пайызға арзандамақ. Ол үшін отандық көлік құрастырушыларды қолдауға Үкімет 20 миллиард теңге бөлмек. Оның 15 миллиарды несиелеу саласына бағытталған, деп хабарлайды Ұлт кз Алматы арнасына сілтеме жасап. Қомақты қаржы, алдымен, жеке тұлғаларға арналған несиені төмен пайызбен беруге бағытталады. Пайыздық көрсеткіш 4-6 пайыз деңгейінде деп жоспарланған.

«Солтүстігіміздегі көрші елдегі автокөлік бағасы арзан. Сондықтан сұраныс та сол жақта. Ал Үкіметтің отандық көлік құрастырушыларға субсидия бөлуі айтарлықтай қолдау болмақ. Бірақ екі елдегі көліктің бағасында бәрібір көп айырмашылық бар. Тіптен бағалар ұқсас болды дегенннің өзіне автокөлік несиеге алынғандықтан, тұтынушы бәрібір көп ақша төлейді»,- дейді Қазақстандағы Тәуелсiз Автобизнес одағының басқарма төрағасы Павел КИМ. Елімізде былтыр 37 мың жеңіл көлік құрастырылса, коммерциялық мақсатта шығарылған көліктердің саны 2 жарым мың.

Есесіне, қинала құрастырылған көліктерді сату екі есеге дейін қысқарып кеткен. Өйткені 3-4 айда Ресейден 50 мыңнан астам көлік кіргізілген. Бұл біздің ішкі өнімнен 20 пайызға жоғары. Ал, елімізде орташа көрсеткішпен алғанда бір жеңіл машинаны құрастыруға 10 мың доллар көлемінде қаржы жұмсалады екен. «Тарифтік пайыз Қазақстанда төмен болады деп есептегеннің өзінде біздегі баға Ресейден жоғары болады. Тұтынушы алдымен осыны есептейді. Бірақ рубль тұрақтана бастаса, Ресейде көлік қымбаттамақ. Ол жақта қазірдің өзінде баға тұрақтана бастады»,- дейді автомобиль холдингінің директоры Мақсат Мейірманов. Арнайы диллерлердің мәліметінше, өткен жылы 163 мың жеңіл көлік импортталған. Ал отандық машина құрыстырушыларды қолдауға бөлінген қаржы бұл көрсеткішті 110 мыңға дейін төмендетеді деп есептейді.

Сәуір айынан басталатын жаңа несиелеуде автомобильдердің жылдық пайызы 7 жарым пайыздан жоғары болмауы тиіс. Бірақ Ресейдегі машина бағасы арзандағанда тұтынушыларынан айырылмау үшін біздің компаниялар «несиені арзандаттық» деп бұған дейін де жар салған еді. Бірақ олар әу бастағы қымбат көліктің құнын сәл түсіргенімен, банк арқылы несиелеуді 25-30 пайызға дейін көтеріп, халықтың қалтасынан сондық шығын шыққан болатын. Енді бұл мәселе де өз шешімін тауып автонесилер айтарлықтай арзандамақ. ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев келтірген мәліметке сүйенсек, небәрі 6 пайыздық мөлшермен жаңа көлік алуға мүмкіндік тумақ.

«Өткен жылдың соңғы 2 айында Ресей рублінің девальвациясынан кейін Қазақстанға Ресейден 50 мыңға жуық көлік алып келінді. Мемлекет басшысы үкімет отырысында мұны құптаса да, ол көліктер еуро-2, еуро-5 стандарттарға сəйкестендіріліп, техникалық регламентпен өтуі керек деді. Президенттің тапсырмасымен Ұлттық қордан бөлініп жатқан 5 млрд теңге лабораториялық базаны өңдеуге бөлініп отыр. Сонымен қатар, алдында айтқанымдай, өзіміздің көлік шығаратын екі зауытымызға 20 млрд теңге бөлініп жатыр.

Бұл қаражат біріншіден екінші деңгейлі банктер арқылы 6 пайыздық мөлшермен жаңа автонесиелер береміз және лизингпен алатындарға несие 4 пайызбен берілетін болады»,- деді Досаев. Сөйтіп, темір тұлпар тізгіндеуге ниетті қауымның қарасы қалындамақ. Ұзынқұлақтар Еуразиялық одаққа Қырғызстан кірген жағдайда, автокөліктің бағасы тіптен айзандайды деп жорамалдап отыр. Қалай болған күнде де, алдағы маусымда біршама қазақстандық темір тұлпардың иесі атануы бекмүмкін.