30 Қазан, 11:51 395 0 Туризм Анар ЛЕПЕСОВА

Нұр-Сұлтанда туристерге арналған ықшамаудан бой көтереді

Нұр-Сұлтанда туристерге арналған ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер мен туризм нысандары бар ықшамаудан салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мұндай жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген Ellington Properties Development LLC компаниясының серіктестігінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Туристерге арналған ықшамаудан салынуы мүмкін екені елорда әкімі Алтай Көлгінов пен компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томаспен кездесу барысында белгілі болды.

Аудан аумағында туристерге жылдың кез келген мезгілінде қолжетімді болатын демалыс және ойын-сауық орталықтарын тұрғызу жоспарлануда.

Жобаның құны бір миллиард доллардан астам қаржыны құрайды. Жаңа ықшамауданды 5-6 жылдың көлемінде салуға уәде етіліп отыр.

Ellington Properties Development LLC компаниясы жылжымайтын мүлік нарығында 5 жыл жұмыс істеп келеді. Ол Дубайдағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болып табылады және мұндай жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибеге ие.

Соңғы жаңалықтар