Сыр өңірінде "Асыл мұра" этнофестивалі өтті

Сыр өңірінде "Асыл мұра" этнофестивалі өтті

Сыр өңірінде "Асыл мұра" этнофестивалі өтті
ашық дереккөзі
Қызылордада «Жас ұлан» ББЖ қозғалысын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында облыстық  «Асыл мұра» этнофестивалі өтті.
Шара Елбасының «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жастар мен жасөспірімдерге ұлттық құндылықтар мен мәдениетті насихаттау, өскелең ұрпақ санасына ұлттық код ұғымын  сіңіру  мақсатында ұйымдастырылды.  Фестивальге 150-ден аса жастар мен жасөспірімдер қатысты. Фестивальге Қазақстан «Қолөнер шеберлері» одағының облыс бойынша өкілі «Қарлығаш» шеберлер орталығының төрайымы Қарлығаш Ильясова, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Экскурсиялық-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Эльзира Сағитжанова, Қызылорда облысының «Асық ату» мен «Бес тас» ойыны бойынша бас жаттықтырушысы Азамат Көбелов, қалалық оқушылар Сарайының педагогы Ескендір Серманов  қатысып, қазылық етті. Шараның алғашқы «Ұлттық мәдениет» бөлімінде Қызылорда облыстық өлкетану мұражайы экспозициясы таныстырылымы мен  фестивальдің  ашылуы болды. «Ұлттық жәрмеңке»  атауымен өткен екінші бөлімде қатысушылар бабадан жеткен қолөнер туындыларын, ұлы даланың сан қырлы тарихынан сыр шертетін аса мол археологиялық ескерткіштерді, насихаттады. Сонымен қатар, көрпе, түскиіз, сырмақ, кесте, саз, тас, ағаш, мата, жүн, теріден жасалынған бұйымдар, зергерлік бұйымдарды, ағаш ыдыс-аяқ, астауларды көпшілік назарына ұсынып, «Ұлы дала өнері» тақырыбында қолөнер шеберлер көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлт символдары балалар қолымен»  тақырыбында  қатысушылар өз шығрмашылығынан шыққан шағын түрдегі жұмыстарын көрсетті. Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге бағытталған «Ұлттық  тағам – ұлт  мақтанышы» көрмесінде  қатысушылар  тағамдардың жасалу жолдарынан түсінік берді. Фестивальдің  «Ұлттық  ойын-ұлт қазынасы» бөлімінде қатысушылар ұлттық спорт  сайысы түрлері «Асық  ату» мен «Бес асықтан» сайысқа түсті. Фестиваль барысында көрме жұмыстарымен қатар қатысушылар ұлттық әндерден караоке айтып, мақал айтудан түрлі ойындарға қатысты. Бейнероликтер арқылы түрлі шеберлік сыныптарымен танысты. Сайыс қорытындысы бойынша Арал, Қазалы аудандары І орынға  ие болды. Ал ІІ орынды Шиелі, Қармақшы аудандары иеленсе, Жаңақорған ауданы мен №9 Білім-инновация лицейі ІІІ орынды қанжығаға байлады. Жүлдегерлерге диплом мен сертификаттар табысталды.