VII Бүкіләлемдік әскери-спорттық ойындар: Қазақстан құрамасы 12-орыннан көрінді

VII Бүкіләлемдік әскери-спорттық ойындар: Қазақстан құрамасы 12-орыннан көрінді

VII Бүкіләлемдік әскери-спорттық ойындар: Қазақстан құрамасы 12-орыннан көрінді
ашық дереккөзі
Қытайдың Ухан қаласында бүкіләлемдік әскери-спорттық ойындар өз мәресіне жетті. Дода нәтижесі бойынша Қазақстан спортшылары 12 медальмен 12-орыннан көрінді.  1995 жылдан бері төрт жылда бір өтетін кешенді сын биыл жетінші мәрте ұйымдастырылды. Қытай елі әскери спортшылардың сайысын олимпиададан кем өткізген жоқ. Әлемнің 109 елінен жиналған 9 мыңнан аса спортшы 10 күн бойы 27 сайыс түрінен бәсекеге түсті. Айтулы сынға Қазақстан Қарулы күштерінің де құрамасы қатысты. Біздің елдің әскери спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль ұтып, жалпы командалық есепте 12-орынға жайғасты. Таэквондошы Руслан Жапаров, жеңіл атлет Ольга Рыпакова және боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Асланбек Шымбергенов бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы атанды. Әскерилердің кешенді сайысы 1995 жылдан бері өтіп келеді.