28 Қазан, 11:19 356 0 Экология Анар ЛЕПЕСОВА

Қасым-Жомарт Тоқаев: Киік қырған қаскөйлер қатаң жазаға тартылуы тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға заңсыз түрде киік мүйізін асырмақ болған браконьерлерге қатаң жаза қолдану керектігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында жазды.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" - деді Президент өз жазбасынды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар