Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
ашық дереккөзі
Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Қаламгерге осындай атақ беру жөніндегі Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев