Президент рекорд жаңартқан қызылордалық диқандарды құттықтады

Президент рекорд жаңартқан қызылордалық диқандарды құттықтады

Президент рекорд жаңартқан қызылордалық диқандарды құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының диқандарын толағай табысымен құттықтады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.  «Құрметті Сыр бойы диқандары! Қызылорда облысы – ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып, ел қазынасын еселеп отырған берекелі аймақ. Биыл осы өлке диқандарының күріш өндіруден рекордтық көрсеткішті жаңартып, мол өнім жинауы соның дәлелі. Өңірдегі 87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 530 мың тоннадан астам ақ маржан күріш құйылды. Баршаңызды осындай толағай табыстарыңызбен шын жүректен құттықтаймын», - делінген Президенттің құттықтау хатында.