Зергерлік бұйымдар көрмесінен 50 караттық гауһар тас ұрланды

Зергерлік бұйымдар көрмесінен 50 караттық гауһар тас ұрланды

Зергерлік бұйымдар көрмесінен 50 караттық гауһар тас ұрланды
ашық дереккөзі
Жапонияның Иокогама қаласында өткен зергерлік бұйымдар көрмесінде елу караттық гауһар тас ұрланды. Ұрланған асыл тастың құны 1,8 миллион долларға бағаланады, деп хабарлайды ТАСС. Көрме жабылар кезде Пасифико Иокогама көрме орталығының қызметкері ашық тұрған витринадағы тастың жоқ екенін байқаған. Полицияның айтуы бойынша, гауһар тасты көрме залының қызметкерлерінің бірі ұрланған болуы мүмкін. Қылмыскерлер іздестірілуде.