Елордада қазақтың үш биіне көше берілуі мүмкін

Елордада қазақтың үш биіне көше берілуі мүмкін

Елордада қазақтың үш биіне көше берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелерге Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би есімдері берілуі мүмкін. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев мәлімдеді. «Қала тұрғындары Райымбек батыр­дың, қазақтың үш биі – Төле, Қазыбек, Әй­теке билердің, әлем және Еуропаның бір­неше дүркін чемпионы Анатолий Хра­патыйдың есімімен көше атау ұсынысын біл­дірді. Ономастика комиссиясының отырысында ол ұсыныс, сонымен бірге Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғалымның атына көше беру туралы ұсыныс қолдау тапты», – деді ол. Демек жа­қын арада ел астанасында үш бидің және Әбу Насыр әл-Фарабидің атында көшелер болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар басқарма басшысы жуықта ашылған «Қаламгерлер аллеясы» жайлы да атап өтті. «Нұр-Сұлтан қалалық ономастика комиссиясының отырысында елордамыздың 8 құрамдас бөлігіне атау беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Біріншісі – әкімдікке жолданған Мемлекеттік хатшының «Қаламгерлер аллеясын» ашу туралы өкіміне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданын­да­ғы Абай даңғылының бойында орна­лас­қан Әлмұқан Сембинов көшесінен бас­талып, Егемен Қазақстан көшесінде аяқталатын атаусыз аллеяға «Қаламгерлер аллеясы» атауын беру туралы ұсыныс», – деді Тілеуғали Қышқашбаев.