Артур Платонов: Қазақстанда «қос билік» ұғымы жоқ

Артур Платонов: Қазақстанда «қос билік» ұғымы жоқ

Артур Платонов:  Қазақстанда «қос билік» ұғымы жоқ
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Артур Платонов «биліктің ауысуы кез-келген мемлекет үшін маңызды сәт» деп пікір білдірді. «Қазір әлемде түсініксіз және қиын жағдайлар жиі орын алуда. Тіпті оның салдарынан қоғамдағы жазықсыз адамдар жапа шегуде. Түсініспеушілік себебінен жерінен, тәуелсіздігінен айырылып қалғандар бар. Сондықтан да біздің елде биліктің ауысуындағы тыныштық пен сабырлықты өзге елдер үлгі етуіне болады. Кез келген мемлекет үшін жауапты және тарихи осы сәтте тиісті саясатты жүргізу маңызды. Мемлекеттегі бірлік пен ынтымақ, сон­дай-ақ ел халқының мүддесі үшін тәуелсіз сая­саттың жүргізілуі кейбіреулеріне ұнамауы мүмкін», – деп Артур Платонов пікір білдірді. Депутат онан өзге «Қос билік» деп қоғамда талқыланған жайға қарсы түсінік берді. «Қос билік деген не? Бұл жағдай бір адам елді бір жаққа, ал екіншісі басқа жаққа тартқан кезде орын алады. Егер де Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның сайлауалды ұранын еске алсақ, онда бірінші пункт сабақтастыққа қатысты. Біз саясатта барлық стратегиялық әрі әлеу­мет­тік бағдарламаларда жүйелі мүлтіксіз ба­ғытты көріп тұрмыз. Яғни, сыртқы жә­не ішкі саясатқа, адамдар әл-ауқатының ары қарай өсіміне қатысты көзқараста то­лықтай ынтымақ пен бірлік қалып­тас­қан. Бұл өз кезегінде саясаттың негізі», – деді А.Платонов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.