Рәміздерді импорттауға тыйым салынбақ

Рәміздерді импорттауға тыйым салынбақ

Рәміздерді импорттауға тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
Бұдан былай мемлекеттік рәміздер тек қана өз елімізде ғана жасалуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда рәміздер дайындау жөнінде лицензиясы бар тұлғалар өнімдерін басқа мемлекеттерде жасап келген. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес, ел аумағындағы мемлекеттік рәміздерді дайындау лицензияланатын қызмет болып табылады. Бұл шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамта­ма­сыз етеді. Сонымен қатар, отандық нарықта елден тысқары жерде дайын­далған мемлекеттік рәміздер де бар. Айталық, 2019 жыл­дың 8 айында олар­дың импорт кө­лемі 3,4 млрд теңгені құраған. Бұл мә­се­лені шешу үшін шикізат сатып алуды қос­пағанда, дайын­даушыларға арналған біліктілік талапта­рын, оларды елдің аума­ғында өндірудің то­лық циклін қам­тамасыз ету туралы нормамен толықтыру ар­қылы мемлекеттік рәміздердің импортына тыйым салу қажет», – деді министр. Мәдениет және спорт министрі бұл пікірді  Ақордада Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәсе­ле­лері жө­нін­дегі республикалық комиссия отырысында айтты. Оның айтуынша, дайын өнімді шетелден сатып алатын ресми дайындаушылардан лицензияны қай­та­рып алу жұмыстары жүріп жатыр.  «Осы орайда уәкілетті орган – Сауда және интеграция министрлігі сала кәсіп­орын­дарына жос­парлы тексеру жүргізіп, бі­ліктілік талаптарына сай емес 34 ли­цен­­зиат­қа мемлекеттік рә­мізді жасауға тыйым салуы тиіс. Не олардың жұмысын дұрыс бағытқа бұру жөнінде нақты нұсқау беруі керек», – деді Ақтоты Райым­құлова. Жиында комиссия төрағасы, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев рәміздерді дайындаушыларға талапты күшейту және  олардың импортына тыйым салуды тапсырды.